Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2022

340

Украин ЭМБ өкілдері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Ақтау қаласының Достық үйінің ғимаратында Алғыс айту күніне орай қайырымдылық жәрмеңке мен концерт өтті.

Іс-шараны Т.Шевченко украин этномәдени бірлестігі 4-ші дәрежелі туа біткен құлақ мүкістігі диагнозы бар Эльмира Агаеваға қолдау көрсету және қаражат жинау мақсатында ұйымдастырды.


Достық үйінде өткен жәрмеңкеде бірнеше заттар сатылымға шығарылды. Сондай-ақ, қаражат жинау үшін жәшік орнатылды.

Осындай игі істе украиналық ЭМБ-ны басқа да этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдары қолдап, қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Барлық жиналған қаражат Агаевтар отбасына табысталды.

Эльмира Ағаеваның ата-анасы өз кезегінде, Маңғыстаудың барлық жанашыр тұрғындарына осындай қолдау блдіргендері үшін алғыстарын білдірді.

Кейін қарай