01 Маусым, 2020
715
Таразда "Болашақ үшін естелік" кеші өтті
31 мамыр қазақстандықтар үшін үлкен мән-мағынаға ие. Қынабынан қан тамған заманда «Халық жауы» атын иеленіп, саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, отбасы да, жақындары да бірге жапа шекті. Бұл қилы замандағы қасірет халықтың көзінен кетсе де, көңілінен кетпеді.
Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді.
Атаулы күнге орай, Тараз қаласы Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып, «Болашақ үшін естелік» тақырыбында онлайн еске алу кешін өткізді.
Дерек көздерде Жамбыл облысында 5 миллионнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 845 адамы қаза тапқан делінген. Тарихи отанынан айырылып айдауда жүрген азаматтарға пана болған еліміздің бауырмалдық, қонақжайлық қасиетін этнос өкілдері ерекеше бағалайды. Бүгінде олар бірлігі бекем, тірлігі көркем елдің біртұтас халқына айналды.
Онлайн кеш барысында LED-экраннан қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттар жайында видеоролик көрсетіліп, арты театрландырылған қойылымға ұласты. «Үкілім-ай» би ансамблінің «Вечная память» биімен жалғасын тапқан кеште Тәжік этномәдени бірлестігінің өкілі Тухтамышев Мырзобобур «Земля Казахстана» әнін шырқады. Кеш әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
19 Мамыр, 22:42
Экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері талқыланды
20 Мамыр, 16:59
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
20 Мамыр, 13:55
ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА
вчера, 15:25
Батыс Қазақстан облысында неміс этносының күні атап өтілді
сегодня, 12:14
Этносаралық тұтастықты сақтау – зор маңызға ие