Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2023

317

Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы өтеді

2023 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы өткізіледі.

«Бір ел» жастар жобасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жобаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық жастар қатысады.

Жоба аясында арнайы шақырылған танымал тұлғалар мен сарапшылар жиналған жастарға еліміздің рухани және ұлттық құндылықтарын, бай тарихи және мәдени мұрасын, этносаралық татулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіретін арнайы дәріс өткізеді.

Іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысады.

«Бір ел» жастар жобасы барысында пленарлық отырыс, пікірталастар, интеллектуалды ойындар өткізіліп, өңірдегі Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері және т.б. тарихи жерлерге көшпелі экспедиция ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, іс-шара барысында Қазақстан халқының бірлігін бейнелейтін «Шаңырақ» киіз үйі тігіледі.

Кейін қарай