Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2023

234

САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы 26,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25%-ға өсіп 8,8 млрд. долл. құрады. Ресейден Қазақстанға импорт 1,5%-ға төмендеді, 17,3 млрд.долл. құрады.

Ресейден Қазақстанға жинақталған тікелей инвестициялар көлемі соңғы 17 жылда шамамен 19 млрд.долл. жетті. Өз кезегінде, Ресейге қазақстандық инвестициялар 5,7 млрд.долл. астам соманы құрады. 2022 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанға 1,3 млрд.долл. ресейлік тікелей инвестициялар түсті.

ҚР аумағындағы 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ресейдің қатысуымен тіркелген заңды тұлғалар мен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының саны өткен жылғы көрсеткіштен 41,7% - ға асып, 23 179 компанияны құрады.

Экономикалық өзара іс-қимылдың практикалық мәселелерін шешуге ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның және оның құрамына кіретін ынтымақтастықтың салалық бағыттары бойынша 7 Кіші комиссияның жұмысы ықпал етеді (банкаралық және инвестициялық, көліктік, өңіраралық және шекара маңы, әскери-техникалық, ОЭК саласында, өнеркәсіп саласында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында).

Қарым-қатынастардың табысты дамуына ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы және екі елдің өңірлері арасында жасалған 200-ден астам шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге асырылатын өңіраралық ынтымақтастық ықпал етеді.

Жыл сайын екі елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен Өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізіледі. 2022 жылғы 28 қарашада Орынбор қаласында «Халықаралық сауданың инфрақұрылымдық шектеулерін алып тастау» тақырыбында XVIII Қазақстан мен Ресейдің арасындағы өңіраралық ынтымақтастығының форумы өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша, екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарын дамытуға бағытталған 17 өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Деректеме Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ресми сайтынан алынды.

Кейін қарай

Ең оқылымды