Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қазан, 2022

2101

Республика күніне орай Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды

2022 жылғы 20 қазан күні Республика күніне орай Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды.


«Қайырымдылық керуені» форумы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтіп жатыр.



Форум балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін тәрбиелеу және дамыту, тұлғаның үйлесімді дамуы және қазіргі қоғам жағдайында сәтті әлеуметтену үшін қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өткізіліп жатыр. Республика бойынша барлық өңірлерден 100ге жуық балалар келді.

Бүгін Форум бағдарламасына сәйкес қатысушылар-мүмкіндігі шектеулі балалар Шымкент қаласының қолдауымен қаланың көрікті жерлерін аралап, қалалық хайуанаттар бағын аралады.

Кейін қарай