Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2023

682

ОТБАСЫ КҮНІМЕН!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Баршаңызды бүгінгі Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл айтулы күн еліміз үшін ерекше маңызға ие.

Отбасы мен оның әл-ауқаты әр қазақстандық үшін маңызы зор, қастерлі құндылық.

«Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, отбасы еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуінің негізі.

Адами қатынастардың беріктігі, құндылықтар мен дәстүрлер, қамқорлық пен рухани жылулық сезімі, сүйіспеншілік пен адалдықтың сарқылмас көзі, болашаққа деген сенімділік, адамның дүниетанымын қалыптастыру ұғымдарын «Отбасы» деген қысқа сөз қалыптастырады.

Отбасында баға жетпес рухани-адамгершілік және мәдени мұра мұқият сақталады және көбейтіледі, ең жақсы дәстүрлер қалыптасады.

Әрбір қазақстандық отбасына денсаулық, амандық және бақыт тілеймін!

Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі

Марат Әзілханов

Кейін қарай