Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қыркүйек, 2021

819

Қостанайда аналар күні қарсаңында көпбалалы аналарға сыйлықтар табысталды

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі көпбалалы аналарды келе жатқан Аналар күні мерекесімен құттықтады.

Ұйымдастырушылар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері атанған үш анаға сыйлықтар ұсынып, әрқайсысына жан тазалығының, пәктіктің, даналықтың белгісі болып табылатын ақ орамал табыс етті.

Белсенділер ең алдымен, Заречный ауылының тұрғыны, алты баланың анасы, 80 жасар кейуана Жібек Анықпайқызы Бибулованы құттықтады. Сонымен қатар, Аналар кеңесінің мүшелері 32 жастағы жеті баланың анасы Надежда Гудковаға арнайы сыйлықтарын жіберді. Үшінші сыйлық Қарасу ауданы Комсомольское ауылының тұрғыны «Күміс алқа» иегері, 9 баланың анасы 72 жасар Лариса Вотчельге табысталды.

Кейін қарай