Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2020

817

Нұр-Сұлтан: Абай мұрасына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 10 тамыз «Абай күні» деп белгіленгені бәрімізге аян. Осыған байланысты бүгінгі күн еліміз үшін тағы да бір тарихи елеулі оқиғаға айналып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен тағылымдық мәні бар бұл айтулы күн А. Құнанбаевтың 175 жылдығымен сәтті сабақтастырылып, елорда этномәдени бірлестіктері ақын шығармаларына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізді.


Әдеби-музыкалық кеште А. Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Айттым сәлем Қаламқас» және тағы да басқа шығармалары орындалып, ұлылық пен адамгершіліктің, имандылықтың тылсым сырларына терең бойлады.


Елордамызда тұратын этностардың қазақ тілінде Ұлы ақын шығармаларын жатқа айтқаны қуантты. Бұл ретте атап өтер жәйт, елордамыздағы этномәдени бірлестіктер туған ана тілімен қатар, қазақ тілін жетік меңгеруге де айрықша басымдық беріп келеді. Бір сөзбен айтқанда, тарихи маңызы бар құндылықтар адамзат жадынан ешқашан өшпек емес! Абай есімі де, мұралары да ғасырдан-ғасырға жалғасып, мәңгілік құндылық болып қала береді!


Кейін қарай