31 Қазан, 2020
588
Мемлекеттік тілді міндеттеу – мемлекеттің міндеті
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Түркістан облыстық Корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Сабина Пак сөз сөйледі.«Қазақ үні» газетінің бас редакторы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Қазыбек Иса сөз сөйлеп, өз пікірін білдірді.
- Ағайындардың бәрін көріп, қазақ тілінде бізден артық болмаса кем сөйлемейтінін көріп таңғалып отырмыз. Жалпы бұл қазақ тіліне еліміздегі бетбұрыс кезеңі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жыл Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында сол кезде «Қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс» деген сөзінен басталды деп ойлаймын. Содан үш күннен кейін өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында мен Мемлекет басшысының сөзіне сүйеніп осы мәселені көтердім. Онда «Мемлекеттік тілді міндеттейтін заң керек, ал оған бастамашы осы біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы болуға тиіс» деген едім. Енді сол айтқан ұсынысымыз іске асып жатыр.
Міне, бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресіне қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Кеңес Одағы кезінде «тілі басқа, тілегі бір» дейтін еді. Ал қазір тілі де бір, тілегі де бір ел болып отырмыз.
Тағы бір қоса кетерлігі, мен сол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жоғарыда атап өткен ұсынысымды айтардан бір күн бұрын осы отырған Смағұл Елубай ағамен сөйлесіп, ақыл-кеңес алған едім. Соған 124 мың адам қол қойған ашық хаты «Қазақ үні» сайтында жарияланды. Бұл негізі 2017 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Мұхтар Шаханов сияқты 125 ұлт зиялысы бастаған ұсыныс болатын. Сол жылы ҚР Конституциясына өзгеріс енгізіліп жатты. Осыны пайдаланып біз де тіл туралы мәселені қозғадық. Кейін жекеме «Біздің ашық хатымыз не болды?» деген сұрақтар келе бастады. Ашып қарасам, оған үш жылда тек жеті жүз жиырма тоғыз адамның қолы қойылған екен. Содан биыл 9 сәуірде арнайы мақала жазып, «Бұл ұсынысты Президентіміз айтты, елдің бәрі қолдауда, Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдап отыр. Неге енді қайта қолға алып, қолдың санын көбейтпейміз?! Ең болмағанда мыңға жеткізейік» деп, Facebook-тағы парақшама салған едім, бір күнде қол қойғандар саны он үш мыңнан асып кетті. Сөйтіп, үш күнде отыз мыңнан, жарты айда жүз мыңнан асты. 23 сәуір туған күнімде тіл жанашыры Оғыз Доған бауырымыз өзінің Youtube арнасында жүз мыңдық қолмен мені құттықтады. Қазір жүз жиырма бес мыңға жуықтап, ол ашық хат Президент әкімшілігіне жіберілді.
Бұл оқиғаны айтып отырған себебім, бұған осы ҚХА мүшелері үлкен үлес қосты. Соған өз басым қатты қуанамын. Ең алғашқы болып Максим Рожин бастады. Владимир Чепель бауырымыз екінші болып қол қойды. Одан кейін Светлана Крюгер, Динара Нұралиева сияқты қарындастарымыз бар, тағы да отыз шақты өзге ұлт өкілдері атсалысты.
Кеше ғана Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы болды. Сонда Максим Споткай таза қазақ тілінде жақсы сөз сөйледі. Барлығы Максимге алғыстарын жаудырды. Мен оның «Қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болу үшін Мемлекет басшысының арнайы жобасы керек» деген сөзін тақырып етіп алып, сол жерден мақала бердім. Тағы сол сияқты Наргизам Махмудованың, Владимир Чепельдің, Эмиль Курбановтың осында айтылған ұсыныстарын қолдаймын. Сонымен қатар Сабина Пактың «Қай тілде сұрақ қойылса да, қазақша жауап берейік» деген сөзі қатты ұнады. Осы ұсыныстардың қорытындысы іске аса берсін. Ең бастысы, мемлекеттік тілді міндеттеу – мемлекеттің міндеті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
3 Мамыр, 11:46
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
7 Мамыр, 08:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
вчера, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
вчера, 11:53