Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2023

138

ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко Армения Республикасы Ұлттық жиналысының мүшелерімен кездесті

2023 жылғы 21 қарашада Астана қаласының Достық үйінде ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенконың Армения Республикасы Ұлттық жиналысы «Армения-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар аспектілерін, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы этносаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті одан әрі нығайту жөніндегі шараларды талқылады.

«Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тәуелсіз Қазақстанның маңызды да даусыз жетістіктерінің бірі және ол бәсекеге қабілетті мемлекет қоғамда келісім, бірлік пен тұрақтылық болған жағдайда ғана орын алатынын дәлелдеді», - деді Лонид Прокопенко.


Сондай-ақ, спикер өз сөзінде жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы бейбітшілік пен келісім саясатының арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастықта танылған сенімді серіктес болғанын атап өтті. Ол Армения Республикасымен тығыз байланысты одан әрі барынша жалғастыра беруге дайын екендігін білдірді.

Аталмыш кездесуге Қазақстан тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Республикалық тәжіктер қоғамдық бірлестіктің төрағасы А.Исмаилов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ҚХА мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасы бойынша қонақтарды ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің қызмет бағыттарымен таныстырды.


Кейін қарай