Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Наурыз, 2024

63

Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ғылыми және білім беру ынтымақтастығы аясында 2024 жылғы 13 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов профессор-оқытушылар құрамымен, «Этнополитилогия» мамандығы бойынша докторанттармен және магистранттармен кездесуі өтті.

Кездесу профессор Ане Тынышбаеваның көшпелі қонақ дәрісі форматында өтті.

Кездесу барысында Институт директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ директордың орынбасары Айгүл Сәдуақасова алғы сөз сөйледі.

ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, ҚР МАМ жанындағы медиация институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, тренер-медиатор Шерзод Пулатов ҚХА медиация кеңесінің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазіргі Қазақстандағы қақтығыстарды институттандыру туралы философия кафедрасының докторы (PhD), постдок, конфликтология және медиация саласындағы маман Сымбат Шәкіровпен талқыланды.

Этномедиация орталығының директоры Руслан Урумбаев орталықтың негізгі жобаларымен және жұмыс бағыттарымен таныстырды.

https://iaer.kz/kz/item/292-proslo-obsuzdenie-voprosov-razvitia-etnomediacii


Кейін қарай