Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2024

63

Елордалық Ассамблея мүшелері студенттермен кездесу өткізуде

2024 жылдың 16 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттерінің Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатовпен кездесуі өтті.


Алғашқы болып сөз сөйлеген тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Оспанова Қазақстан этносаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше оң тәжірибесін жинақтағанын атап өтті.


Өз кезегінде Шерзод Пулатов Ассамблеяның рухани бірлік идеяларын қалыптастыру жөніндегі қызметі, халықтар достығын нығайту және сақтау, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылық туралы айтты.


Кездесу барысында жаңа Қазақстанның саяси реформаларын іске асырудағы жастардың рөлі, жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу диалог, сұрақтар, жауаптар форматында өтті және студенттердің қызығушылығын тудырды.

Кейін қарай