Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қаңтар, 2021

791

Елордада ҚХА-ның XVIII сессиясы өз жұмысын бастады

Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттарды сайлау бойынша Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті.

Жиынның алғашқы сөзін Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев алды.

- Құрметті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері!

Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясына қош келдіңіздер! Мен қатысушыларды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы жылына өтуімізбен құттықтағым келеді. 5 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды, онда бірлік пен келісім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Биылғы жылды біз маңызды саяси науқан – елдің жоғарғы заң шығарушы органының депутаттарын сайлаудан бастаймыз.

Айта кетейік, 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын Ассамблея сайлайды.

-Бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностардың мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған болатын. Аталған норма Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың халықаралық пактілері мен конвенциялары аясында Қазақстанның адами өлшемдер, азаматтық және саяси құқықтар саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауымен ұштасып жатыр, - деді Жансейіт Түймебаев.

Бейбітшілік және келісім сарайының бірінші қабатында сағат 07.00-де Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру пунктін ашты.

Бұған республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен ҚХА мүшелерінің делегациясы, қоғам қайраткерлері, ғылым және шығармашылық зиялылар сондай-ақ ҚР-нда аккредитацияланған халықаралық бақылаушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

- Құрметті сессияға қатысушылар! Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын анықтаймыз! Ассамблеяның тоғыз депутаты Қазақстанның барлық этностарының мүддесін, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді. Ал ҚХА депутаттық тобы елдің татулығы мен бірлігін нығайту мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастықтың парламенттік тетігінің рөлін атқарады. Мәжілістің үш шақырылымына қатысып келе жатқан ҚХА депутаттық тобы өзінің белсенділігімен және заң шығаруға қосқан үлесімен ерекшеленеді, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Телемісова:

- Сайлау заңына сәйкес дауыс беру пунктісі ашылды. Дауыс беру пунктінде сайлау комиссиясының мүшелері сайлау бюллетеньдерін береді. Олардың үстелдерінде үстел нөмірі мен өңірлердің атауы көрсетілген нұсқаулық бар. Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетень беру құқығы жоқ,-деді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымы жұмысы кезеңінде депутаттық топтың 28 мүшесі 12 заң жобасы бастамашылық етсе, 200-ге жуық заң жобасын қарауға қатысқан. Сондай-ақ заң жобаларына екі мыңнан астам түзетулер енгізіліп, 226 депутаттық сауал жариялаған.


Кейін қарай