01 Тамыз, 2019
4399
Бүгін «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиевтің туған күні
Вакиль Набиев 1982 жылы 1 тамызда Қырғызстандағы Ош облысының Михайловка ауылында туған.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Халықаралық құқық» факультетінде және «Тұран» университетінің «Экономика» факультетінде білім алған. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің магистранты.
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында халықаралық тағылымдамадан өткен.
2017 жылы ҚазҰПУ-дің «Саясаттану» мамандығы бойынша докторанты атанды.
Қоғамдық жұмысқа студенттік жылдары араласа бастаған В. Набиев бүгінгі таңда «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті. Алматы қалалық филиалының төрағасы.
2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан «Жарасым» республикалық жастар ұйымын құрған бастамашылардың бірі, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҰ төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, сонымен қатар ҚХА-ның және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», ҚХА «Бірлік» медальдарының иегері. ҚХА Алғыс хатымен марапатталған.
Отбасылы, үш баласы бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті