Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2024

82

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Қадірлі бауырлар, отандастар!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Бұл айды-береке мен бірліктің негізі болатын, мейірімділік пен қайырымдылық көрсететін, ізгілік пен игілікке үндейтін «Он екі айдың сұлтаны» деп қадірлейміз.

Қасиетті айда елімізді мекен еткен мұсылман қауым өкілдері, сондай-ақ барлық халық ынтымаққа ұйысады. Ағайын-жұрттың арасы жақындап, түрлі игі іс-шаралардың арнасы кеңіп, айналаға төгілетін мейірім шуағы молая түседі. Рухани дүниеміз бен бойдағы асыл қасиеттеріміздің кемелденуіне зор ықпал етеді.

Берекелі айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған әрбір қайырлы істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт кұбыламыз тең болып, аман-есен жетейік!

Кейін қарай