Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Желтоқсан, 2021

320

Атырауда «ASAMBLEIA JASTARY – 2021» форумы екі күнге созылған жұмысын аяқтады

Атырау қаласында «ASAMBLEIA JASTARY – 2021» республикалық форумы ұйымдастырылды. Форумға қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының жыл бойғы атқарған жұмыстары бойынша презентация жасады.


Сонымен қатар, оңтүстік пен батыс өңірлерінің жастар қанаты өкілдері де өз облыстарында атқарған жұмыстарын таныстырып, тәжірибе алмасуға шақырды. Қатысушылар Атырау облысы Өлкетану музейіне барып, қазбалары мен ұлттық құндылықтарымен танысты.


Шара соңында, сөз алған Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Қ.Әзмұқанов Атырау облысы жыл бойы үздік жұмыстарымен көзге түскен, белсенді жастарды алғысхатпен марапаттады.

Кейін қарай