Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Маусым, 2023

431

АСТАНАДА «ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» OPEN TALKS ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

18 маусымда Астанада Ботаникалық саябақтың аумағында Әкелер күнін мерекелеу аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әке – отбасының тірегі» open talks іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, ынталы ата-ана болу идеясын насихаттау, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің маңыздылығын арттыру.

Іс-шараға, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен Елорда тұрғындары қатысты.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өз алғы сөзінде барша қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтап, биылғы жылы Үкімет қаулысымен бекітілген мереке алғаш рет аталып отырғанын тілге тиек етті.

«Әкелерге арналған күн еліміздегі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етері сөзсіз», – деді ол.

Айта кетейік іс-шара аясында Әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды.

Кейін қарай