17 Қараша, 2020
559
«Ахыска» түрік этносының мәдениет күнінде қуғын-cүргін құрбандарын еске алды
Тараз қаласында «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Махмұджон Мираддинұлы Давришев бастаған түрік этносының мәдениет күні түрік-ахыска депортациясының 76 жылдығына орайластырылып өткізілді.
Этномәдени бірлестіктің басшысы:
- Депортацияның 76 жылдығында біз қуғын-сүргінге ұшыраған барлық қаза тапқан отандастарымызды кішіден үлкенге дейін құрметтейміз. Кеңес әскері бір сағат ішінде 120 мыңнан астам адамды жаппай мәжбүрлеп елінен шығаруды жүзеге асырды. Қарттарды, әйелдер мен балаларды суықта мал вагондарына тиеп, туған жерінен мыңдаған шақырымдық қазақ жеріне жер аударды. Бірақ, бұған қарамастан, түрік халқы бауырлас қазақ халқымен бір шаңырақ астында қатар тұрып, Қазақстан жерінде бақытты өмір сүріп кете алды», - деп атап өтті.
Іс-шараға ақсақалдар алқасы, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары шақырылды. Бұған қоса, олар үшін мерекелік дастархан жайды. Этномәдени бірлестік мүшелері қазақ халқына деген жылы лебіздерін білдірді.
Жиын соңында түрік этносының белсенді өкілдеріне қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік ұлттық бірегейлікті және облыстық ассамблея қызметін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды
-
«Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерінің Берлинге ресми сапары
-
Алматы облыстық ҚХА мүшелерімен Ғалым Шойкин кездесті
-
Алматыда ҚХА ЭМБ өкілдері ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру жолдарын талқылады
-
Шымкентте «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті
22 Мамыр, 12:14
Этносаралық тұтастықты сақтау – зор маңызға ие
23 Мамыр, 13:49
Алматы облыстық ҚХА мүшелерімен Ғалым Шойкин кездесті
22 Мамыр, 18:20
Шымкентте «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
23 Мамыр, 10:31