Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2020

1330

Абай күніне арналған онлайн поэзия фестивалі өтуде

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Абай күні» және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық онлайн поэзия фестивалін бастады. Поэзия фестивалінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген 130-дан астам ұлт өкілдері қазақ тілінде ақынның 175 өлеңін оқып, әлеуметтік желіде түрлі форматта бейнероликтер жариялауда. Мұндағы мақсат – этномәдени бірлестіктер арасында ойшыл ақынның шығармашылығын насихаттап, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті паш ету.

Төменгі видеоларда Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан және Батыс Қазақстан облысындағы ҚХА мүшелері Абайдың жыр-маржандарымен бөліседі.

Г.Семенко, Ақтөбе облысы. "Есіңде бар ма жас күнің" - Абай Құнанбайұлы.


А.Булгаков, Батыс Қазақстан облысы. "Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап" - Абай Құнанбайұлы.


Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы.


Шығыс Қазақстан облысы, "Сағаттың шықылдағы емес ермек" - Абай Құнанбайұлы.


М.Гусейнова, Түркістан облысы, "Өлсе өлер табиғат адам өлмес" - Абай Құнанбайұлы.


Батыс Қазақстан облысы. "Пайда ойлама, ар ойла" - Абай Құнанбайұлы.

А.Ким, Ақтөбе облысы. "Ғашықтың тілі - тілсіз тіл" - Абай Құнанбайұлы.


Кейін қарай