Video
28.03.2024
Апатпен күрес жолында
Қостанай облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері су тасқынымен күресіп жатқан Амангелді ауданының тұрғындарына бірінші болып көмекке келді.
Белсенділер мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қысқа мерзім ішінде 110 мың теңгеден астам қаржыға еріктілер үшін 1000 қап, 500 қолғап, күрек сатып алды. Құрал-саймандар сол күні Амангелді ауданына жөнелтілді.
ҚХА мүшелері күрделі жағдайға тап болған жерлестеріне көмек көрсетуді жалғастыра бермек. Достық үйінде қажетті заттарды, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін жинау жалғасуда.
Тілсіз жауға қарсы күреске облыстың еріктілерімен бірге ҚХА еріктілері де атсалысуда. Олар құрал-саймандарды таратып, тамақ ұйымдастырады, үйлерді қардан тазалауға, құм салынған қаптармен қоршау жасауға көмектеседі.
Сондай-ақ, ТЖ орнынан «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Айбек Таңатбаев еріктілердің жұмысын және су тасқынына қарсы жасалып жатқан барлық іс-шараларды жариялап отырады.

TOP NEWS