Қазақстан халқы Ассамблеясы

Session 24 (04/26/2016) - Independence. Accord. Nation of common future

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ «ТӘУЕЛСІЗДІК. КЕЛІСІМ. БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ»

2016 жылғы 26 сәуірде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында  Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы болып өтті

Сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының  ректорлары, шет елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда қазақстандық ғарышкер, шетелдік қонақтар, өңірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының, бюджеттік және жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері және басқалар сөз сөйледі. 

Сессия барысында Мемлекет басшысы ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Питаленко Леонид Николаевичті және  ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қазақстан өзбектері қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының құрметті төрағасы Халмурадов Розақұл Сатыбалдыұлын этномәдени бірлестіктерден Ассамблея Төрағасының орынбасары етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды. 

Ассамблеяның XXIV сессиясының қорытындысы бойынша  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі жария етілді.

Осымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өз жұмысын аяқтады.

 

Выступающие на XXIV сессии АНК

1. Специалист сектора «Мобильного и Болонского процесса» Таразского инновационно-гуманитарного университета - Петряев Сергей Вячеславович

2. Акын, заместитель председателя правления Союза писателей Казахстана - Ыбыраев Маралтай Раимбекулы

3. Командир воздушного судна «Fokker-100» АО «БЕК ЭЙР» - Родин Дмитрий Олегович

4. Казахстанский космонавт - Айымбетов Айдын Аканович

5. Председатель молодежного клуба «Тілдарын» - Шпагина Наталья Сергеевна

6. Председатель общественного объединения по реабилитации - Успанов Жанибек Зейнелович

7. Директор фирмы «SIMKON» - Мецик Олег Игоревич

8. Студентка Казахского национального аграрного университета - Хаджиева Фаризат Шамилевна

9. Директор ТОО «Мастер Фарм» - Хван Евгений Михайлович

10. Предприниматель - Ахметова Фарангиз Хасановна

11. Ассоциированный профессор «Назарбаев Университет» - Шаматов Дуйшонкул

12. Председатель общественного объединения «Международный фонд «Евразийский диалог» - Шебанова (Тузельбекова)  Айжан Аскаровна

13. Искусствовед, домбрист - Данлади-Бвай Даниэль Джеймс

14. Руководитель организации «Street workout» - Минин Денис Николаевич

15. Спортсмен, чемпион мира по «Street workout» - Биджиев Дияс Асхатович

16. Председатель корейского ЭКО - Пак Максим Валериевич

17. Воспитательница центра дошкольного образования - Талпакова Аягоз Орынбековна

______________________________________________________________________________________________

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен

2014 жылғы 15 желтоқсан.

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыржәне тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы қабылдаймыз.

 

М Ә Ң Г І Л І К   Е Л – ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІН

        

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегіндеқарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар– отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

Мәңгілік Ел, бұл –Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде  әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілікпен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл –Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл –Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культінелдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл –Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл –Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамыздымұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

 

Біртұтас Еліміз  – Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!

Алға, Қазақстан!

______________

Кейін қарай