Қазақстан халқы Ассамблеясы

1093

Головацкий Николай Никитич

Өмір жылдары: (1912 – 1996 жж.)

    Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы және жаңашылы, Алматы облысы Панфилов ауданының «Октябрьдің 40 жылдығы» алдыңғы қатарлы колхозының төрағасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері.

    Николай Никитич 1912 жылы 5 наурызда Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген.

    Қызыл әскер қатарынан босағаннан кейін Жетісудың ауыл шаруашылығына жұмысқа келеді. Оның бүкіл өмірі Талдықорған және Алматы облыстары шегінде өткен.

    Уақыт өте келе Н.Н. Головацкий республиканың ең тиімді шаруашылығы колхозының төрағасына дейін өсті.

    Кеңес заманында Кеңес Одағының кең-байтақ аумағында Қазақ ССР-нің Панфилов ауданының табысты шаруашылығы – «Октябрьдің 40 жылдығы» агрофирмасының даңқы асқақтады, оны теңдесі жоқ төраға, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «егістік академигі» Николай Никитич Головацкий басқарды.
    Агрофирма қаржылық кірісі, көлемі және жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша теңдесі жоқ еді. 1971 жылы еліміздің осы озық шаруашылығы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, КСРО ХШЖК бүкілодақтық құрмет тақтасына және республиканың «Алтын кітабына» енгізілді.
    Н.Н. Головацкий шаруашылыққа ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің бірегей әдістерін енгізді.
    1938-1943 жылдары Алматы облысы Панфилов ауданы «Красный Восток» колхозының төрағасы, 1943-1950 жылдары қосалқы шаруашылықтың директоры, 1950-1992 жылдары Панфилов ауданы «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозының төрағасы лауазымын атқарды.
    Замандастары былайша еске алады: «Жетісуда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінің озаттары жетерліктей еді. Солардың арасында құрметті адам болды. Ол екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозының төрағасы – Николай Никитич Головацкий. Ғажап адам әрі өз ісінің шебері еді. Ол жүгері егіп, үйрек өсіруді жақсы көрді. Оның жүгері базасында Панфилов қаласында жүгері калибрлеу зауыты салынды. Бұл зауыт бүкіл Қазақстанды және басқа республикаларды жүгері тұқымдарымен қамтамасыз етті. Ол кезде бұл дақылға айрықша мән беретін.
    Н.Н. Головацкий бұл жұмысты қолға алады. Оның колхозына барып жүргенде, жүгері алқаптарын көруге арнайы соқтым. Жүгері барлық егілген жерде 4 метр биіктікке дейін біркелкі өскен екен. Мен мұндай егінді студент кезімде дәстүрлі түрде бидаймен бірге өсірілетін Украинаның өзінен көрмеппін.
    Өзен-көлі жоқ сусыз алқапта жасанды су қоймаларында мыңдаған үйректер жүзіп жүр. Үйректерге қорек ретінде бидай және жүгері қалдықтары, сәбіз және басқа да көкөніс дақылдары беріледі. Мұнда үйректер екі айға дейін өсіріліп, етке тапсырылады. Алматы дүкендерінде ол кезде үйректер тоқтаусыз сатылатын. Сол кезде қазіргідей Алматы маңында құс фабрикалары болған жоқ, тек жобаланып тұрған. Головацкий колхозының табысы зор болды. Ендігі бұл колхоз әлдеқашан ұмыт болды.
    Арада біраз жылдар өткен соң, қайта құру кезінде мен зейнетке шыққан Николай Никитичті көрдім. Ол өзгеріп, қартайыпты. Біз ауруханада кездесіп қалдық. Сонша мәпелеген колхоздың күйрегеніне қатты күйзеліп тұрды». 
    Оның есімі Жаркент алқабының әрбір тұрғынына қымбат. Оның өмірі, жер-анаға, еңбекке және егістік пен фермадағы еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігі мен ұқыпты қарым-қатынасы жаңа ұрпаққа үлгі.
    Жаркенттіктер Николай Никитичтің 1985 жылы Батыр медалін екінші рет алған кезінде айтқан сөздерін әлі күнге дейін ұмытпайды: «Мен өз еліме ризамын, мен – қазақ даласының ұлымын. Менің анам да, әкем де осы жер», ол өмірінің соңына дейін осы сөздерінен айныған емес.
    Сондай-ақ замандастарының есінде Головацкий қарапайым және ұяң адам болып қала береді. «Мені барған сайын білінбей жүру ойы мазалайды, – дегенді жиі айтатын Николай Никитич, – Танымал болған – адамның соры. Мен өзіме көп көңіл бөлгенді ұнатпаймын. Өзімнің шынаы қалпымда қалғым келеді».
    Головацкий өлкетанушы жазушы Андрей Березиннің оның ауыл шаруашылығындағы дәстүрлерге қалай қарайтыны туралы сұраққа былай деп жауап берді: «Мен халықтық дәстүрлерге екі қолыммен дауыс берер едім. Бірақ біздің істе – диқаншылықта, егіншілікте, мал өсіруде және құс өсірушілерде дәстүрлерден бас тартқан тиімді. Неге дейсіз ғой? Егер ескімен, ата-бабаларымыздың қағидасымен өмір сүрсек, көп ақша таба алмайсың және нәтиже күткеннен әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Головацкий экспериментті жақтайды, жаңашылдықты қолдайды деп жазыңыз. Егер керек болса, батыл, күтпеген, кейде қауіпті шешімдерге барамын».
    Головацкий «Бір жылға татитын күн» кітабын аяғына дейін жазып үлгерді.
    Николай Никитич 1996 жылы 21 наурызда Жаркент қаласында қайтыс болды.

    Лениннің алты орденімен, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және КСРО-ның көптеген медальдарымен марапатталған. Екі Мәрте Социалистік Еңбек Ері. Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері.

    1. Березин А. Славный сын жаркентской долины. 7 апреля 2017. https://zhardem.kz/news/8437

    2. Встречи с людьми в Жетысу. http://bibliotekar.kz/istoki-zaure-omarova/vstrechi-s-lyudmi-v-zhetysu.html

    3. Национальная энциклопедия «Казахстан». Т.4. / Гл. ред. Б. Аяган. - Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2007. – с. 418.

Кейін қарай