Қазақстан халқы Ассамблеясы

Басшылық құрамы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев


1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

2021 жылдың 28 сәуірінен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.

Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады.



Марат Алмасұлы Әзілханов

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

1988-1992 жылдар аралығында Қызылорда қаласының Медициналық мекемелерінде дәрігер-хирург болып еңбек етті;

1992-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет жасады;

2011-2013 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2013-2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;

2014-2016 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі;

2016-2018 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы;

2018-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице министрі болып тағайындалды.


Исмаилов Ақбаржон Яхияқожаұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

1988 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келді

Білімі: Медине Ислам университеті Сауд Арабиясы

2017 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

2017 - 2022 жылдары – «Астана-СОМОНИЕН» этномәдени орталығының төрағасы;

2022 жылдан 2024 жылға дейін – Астана қ. «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасының орынбасары;

«АМАНАТ» партиясының мүшесі;

2022 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі;

2023 жылдың 10 ақпаннан бастап 2024 жылға дейін – Алматы қаласы «Атамекен» палатасы төрағасының кеңесшісі;

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - бірнеше компанияның құрылтайшысы және «ISMA INVEST» бас директоры;

«Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы;

2022 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;

2023 жыл - «Ел бірлігі» ордені.


Дяк Аурика Георгиевна

«Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасы

Павлодар облысының саясаткер әйелдер клубының мүшесі

Павлодар облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Буковина» румын-Молдова мәдени қоғамы» ҚБ төрағасы

AMANAT партиясының мүшесі

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медальдары

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл»

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы

«Үздік депутат – 2021» белгісі

1984-1988 ж. – Липкан қаласындағы Педагогикалық училище, Молдова КСР, орта арнаулы, жалпы білім беретін мектептің 4-8 сыныптарында еңбек оқытушысы

2018ж. – Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, құқық бакалавры, Құқықтану

2022 ж. – Торайғыров университеті, Павлодар қ., құқық, әлеуметтік білім бакалавры, саясаттану.

Қоғамдық қызмет

2016-2021жж – Павлодар қалалық мәслихатының 6 шақырылым депутаты

2021-2023жж. – Павлодар облыстық мәслихатының 7 шақырылым депутаты

«AMANAT партиясының Павлодар қалалық филиалы жанындағы Саяси кеңестің мүшесі

2005 жылдан бастап – Павлодар облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі

2018 жылдан бастап – «Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасы

2015ж. – Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңестің мүшесі

Жапонияда 2017ж., Австралияда 2018ж., Швейцарияда 2019ж., Португалияда 2021ж., Дубайда 2023ж.Халықаралық әйелдер саммиттерінің қатысушысы ·

2020 жылдан бастап – Румынияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті Консулы, Павлодар қ.

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің мүшесі

Инновациялық Еуразия университеті консорциумының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Павлодар қ.

Павлодар облысының медициналық мекемелерінің бақылау кеңестерінің мүшесі

Возврат к списку