Ассамблея народа Казахстана

1809

Айгүл Сәдуақасова: Бүгінгі Жолдауда халықтың көкейінде жүрген біраз сауалға жауап алынды

Елбасының бүгінгі Жолдауында халықтың көкейінде жүрген біраз сауалға жауап алынды. Ол — білім, денсаулық сақтау, еңбек мәселелеріне қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық дағдарыс пен сырттан келіп жатқан қауіп-қатерлердің төңірегінде өзінің белсенділігін және ішкі ресурстарының нақты әлеуметтік жағдайға және экономикалық тұрақтылығына өзінің ресурстары жеткілікті деген жақсы дайындығы бар екенін көрсетіп тұр. Әрине қазіргі таңда халықтың әл-ауқаты көптеген жағдайда экономиалық факторларға байланысты. Сондықтан Елбасы еңбек және қаржы нарығына басымдылық беріп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Соның ішінде жалақыны көтеру, мектеп бағдарламаларын, білім беру сапасын және денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды. Бұл біздің жүргізіліп жатқан реформалардың келесі кезеңі деп айтуға болады.

Ерекше қуантатыны, бүгін халықаралық ұстаздар күніне арналған Елбасының екі жақсы бастамасы,  ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — бұл келесі жылы ұстаздардың статусына байланысты ерекше заң қабылдау. Бұл әлеуметтік жағынан және қоғамдық жағынан өте үлкен іс-шара.

Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін — ұстаздар. Білім жүйесі дегеніміз, бұл тек қана білім беріп қана қомай, белгілі бір мөлшерде балаға ақпарат беру жүйесі емес— бұл шындап келсек, әлеуметтендіру институты. Білім жүйесі дегініміз өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз ұстаздың статусын қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге өте қиын болады.

Жалпы елдің тұрақтылығы, бірлігі болып жатқан өзгерістер кезінде, экономикалық тұрақсыздық кезінде өте жақсы қоғамға, әсіресе, ұстаздарға, балаға деген ерекше мән беріп, ерекше мейірімділікпен сол проблемаларға қарау, меніңше, біздің қоғамның келесі дамыған сатысында екенін көрсетеді. Сондықтан барлық қазақстандықтар бүгінгі Елбасының Жолдауын ести отыра жаңа үмітке, белестерге жаңа жоспарларын құра бастайды.

Айгүл Сәдуақасова

ҚХА ҒСК төрайымы,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының

этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы

 

 

 

Возврат к списку