Қазақстан халқы Ассамблеясы

389

Сац Наталья Ильинична

Өмір жылдары: 1903-1993

    «Адам үшін ең бастысы - өзін-өзі сезіне білу, белсенді болу, басқаларға көмектесу» Наталья Сац

    Көрнекті театр режиссері, әлемдегі алғашқы әйел опера режиссері, театр қайраткері, жазушы және мұғалім.

    Әлемдегі тұңғыш балаларға арналған театрдың (1921 ж.), балаларға арналған алғашқы мемлекеттік музыкалық театрдың (1964 ж.), пьесалардың, балалар опералары мен балеттерінің либреттосының, музыкалық білім туралы мақалалардың авторы. КСРО халық әртісі (1975 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972 ж.) және Лениндік сыйлық (1982), ГИТИС профессоры (1984 ж.).

    Наташа әкесінің өсиетін мәңгілікке жадында сақтап қалды: «Өмірде көптеген қиыншылықтар болады. Оларды уайымдаудан гөрі, жеңе білуді үйрен! Күресуді және жеңуді үйрен!». Бұл сөздер оның ұранына айналды.

    Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

    Соғыс соңында Наталья Ильинична Алматыға аяқ басып, орыс және қазақ топтарында жас актерлер даярлайтын студиядан бастап балаларға арналған театр ұйымдастыруды бастады. Содан кейін ол Алматыда балалар театрын ашуға шешім қабылдайды: «Бізде тұратын барлық ұлттардың балаларына арналған театр құрамыз. Орыс тілінде, одан кейін қазақ тілінде, Қазақстанның бірінші балалар мен жасөспірімдер театры …».

    Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары

    Наталья Сацты Мұхтар Әуезов, Күләш Байсейітова, Галина Уланова, Николай Черкасов қолдады.

    Оның бүкіл өмірі жаңа театр тынысының ырғағына бағынды. Барлығы өте таныс және жаңа - репертуар, сахналық шеберлік сабақтары, оркестрдің таңдамалы труппалары - дирижерлер, концертмейстерлер, суретшілер, тіпті сахнаны безендіру.

    Наталья Сац «Театр для детей» (1925 ж., С.Розановпен бірлесе), «Наш путь» (1932ж.), «Дети приходят в театр» (1961 ж.), «Новеллы моей жизни» (2 томда, 1984-1985жж.), «Жизнь – явление полосатое» (1991 ж.) кіаптарының авторы.

    13 жыл бойы КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Наталья Ильинична Сац Алматыдағы Жас көрермендер театрын басқарды.

     

    Макаренко С. Наталия Ильинична Сац // Люди: биографии, истории, факты, фотографии. - 12.12.2000 https://www.peoples.ru/authors/person.php?id.

    «Поймавшая синюю птицу» (О Наталье Сац) // Сайт Московского государственного академического детского музыкального театра имени Н.И. Сац http://teatr-sats.ru/

    Сац Н. И. Жизнь - явление полосатое. - М: Новости, 1991. - 588 с. - (Время. События. Люди).

    Сац Н. И. Новеллы моей жизни. - 3-е изд., стереотип. - М: Искусство, 1985.Кн. 1. - 498 с

    Алматыдағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына оның негізін қалаушы Наталья Ильинична Сацтың есімі берілді.

Кейін қарай

Ең оқылымды