05 Сәуір, 2024
66
«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
Су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Зардап шеккен өңірлерге алғашқы қолдау көрсеткендердің қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де бар.
ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылып, оның аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.
Гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті жеткізген ҚХА Төрағасының орынбасары Ақбаржан Исмаилов, «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев азық-түлік пен алғашқы кезде қажет болатын заттарды зардап шеккен халыққа үлестіріп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.
Гуманитарлық көмектің екінші бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жөнелтілді.
Ассамблея сенаторлары Алишер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповских жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
ҚХА республикалық штабының мүшелері басқа да зардап шеккен өңірлерге баратын болады.
Еліміздің барлық өңірлерінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. ҚХА-ның қолдауымен жиналған гуманитарлық көмек сомасы — 110 млн теңгеден астам.
ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, құтқарушыларға жәрдем береді және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпараттарды жариялайды.
Құтқарушылар мен еріктілерге жергілікті жерлерде ҚХА тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді
-
Алматы қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
1 Мамыр, 10:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
1 Мамыр, 09:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
2 Мамыр, 19:07
Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді
3 Мамыр, 11:46
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
2 Мамыр, 13:43