09 Наурыз, 2022
531
Таразда аналар мерекесіне орай концерттік бағдарламар өтті
Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қалалық №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесіне орай мерекелік концерт өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – қарттарды құрметтеу, жас ұрпақты аға буынды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, қариялардың игі істерін дәріптеу.
Концерт барысында «Үкілім-ай» би ансамблі – қазақ және тәжік билерін биледі. Ал «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының орындауында «Тамаша» әні көпшілікке ұсынылды. Кештің көркіне айналған «Болашақ» триосы Қазақстан әнін барша халыққа ұсынып, көптің көңілін көтерді.
Әсерлі әуеннің әсем ырғағы тыңдарманға көктемдей шуақты көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде қариялар шат-шадыман күйде тарқасты.
Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ-де 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ұйымдастырушылар - Жамбыл облысының Немістер қоғамы болды. Бағдарламада адамзаттың әдемі жаратылысы – әйелдер қауымына арналған түрлі көңіл көтерер ізгі құттықтаулар мен әзіл-оспақтар көп болды.
Концерттік бағдарлама вокалдық және хореографиялық нөмірлерден тұрды. «Инфинити» хореографиялық тобы «Қара жорға», «Масалар» билерін орындады. «Эремурс» хореографиялық тобының орындауындағы «Түнгі Верона патшалары» биі көрермендерді ерекше тамсандырды.
Сондай-ақ, вокалдық нөмірлер де жиналған қауымның жүрегіне жол тауып жатты. Мәселен, «Juwel» тобының орындауында «Анама 8 наурызға», «Federkleid», «Danke», «Мені сүй» әндері, «Singende Herzen» тобы көрермендерді «Уақыты келеді», «Es zogen auf sonnlge wegen», «Wo die Nordseewellen», «Тум балалайка» әндері және Илья Филипповтың орындауында «Ягода-малинка» әні тамаша шырқалып, шараның шырайын кіргізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
-
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы