28 Сәуір, 2022
2087
Түркістанда «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 25-29 сәуір аралығында облыстық білім беру мекемелерінде «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп жатыр.
Тәрбиелік мәні мол кезекті кездесу Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова, кеңес мүшелері, мектеп ұстаздары, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты. Жиынды облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Д.Жамболова ашып, жүргізіп отырды.
Іс-шараның мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б. жан-жақты асыл қасиеттерін таныта білу.
Тәрбие сағатында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова «Қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз иманды болады» тақырыбында байыпты баяндама жасап, жастарға ақыл-кеңесін берді.
– Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел . Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Кейбір ата-аналар «Бала тәрбиесіне ұстаздар жауапты, олар сол үшін айлық алады» деп бар жауапкершілікті мұғалімдердің мойнына арта салады. Бұл – дұрыс емес. Жас өскіннің тәрбиесіне қоғам болып атсалысуымыз тиіс. Ұрпағымыз ұлағатты болсын десек, басты назарды бала тәрбиесіне аударайық, - деді Г.Тоққұлова.
Сондай-ақ кездесуде Аналар кеңесінің мүшесі Ш.Примбетова «Зайырлы қоғамдағы қыз баланың рөлі» тақырыбында, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының қыздар кеңесінің төрайымы Н.Бекарыстанова «Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтармен сабақтастығы» тақырыбында келелі әңгіме қозғады.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты.
Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
-
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
-
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті