Қазақстан халқы Ассамблеясы

08.05.2024

106

ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

Үшінші ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев өз сөзінде халқымыздың бірлігін нығайтудың, қазіргі қоғамдағы тарихи мұраны білу арқылы Ұлы Отан соғысындағы әйгілі қазақстандық батырларды еске алудың маңыздылығын атап өтті.

Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара тарихи ұжымдық естелікті, Ұлы Отан соғысы тарихындағы қазақ халқы мен қазақстандықтардың батыл істері негізін дебірлік пен келісімді, қазақстандық патриотизм мен бірегейлікті нығайтуға, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың осы естелікті болашақ ұрпаққа сақтау әрісіңіру үшін бірлескен жұмыс жолдарын іздеуге бағытталған. Диалог алаңы ҚР ҰҒА Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Фараби университеті, Қазақстанның «Офицерлер одағы», ЮНЕСКО қолдауымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдерін біріктірді.Модератор Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситетінің профессоры, саясаттану ғылымдарыныңдокторы Ж. Симтиков болды. Генерал-майор, Қазақстан «Офицерлер одағы» Төралқасының Төрағасы М. Телегусов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан қоғамының басты құндылықтары, ҚР Қарулы Күштерінің міндеттері туралы баяндап, «Адал адам - Адал еңбек – Адал табыс»тұжырымдамасына сәйкес өскелең ұрпақты тәрбиелеуде Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстанның «Офицерлер одағының» және басқа да ҮЕҰ күш-жігерін біріктіруді ұсынды. Қазақстан Халық Қаһарманы Р. Қошқарбаевтың қызы А. Қошқарбаева және ҚР біріншіҚорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ҚР армиясыныңГенералы С. Нұрмағамбетовтың немересі А. Нұрмағамбетова батырлардың өмірі, олардың Отанға адал қызмет етуі туралы естеліктерімен бөлісіп, қазақстандық жастарға тарихи білім берудің маңыздылығын атап өтті.Осы тұрғыда ағымдағы жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаев пен С. Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толатынын, олардың батырлық істерімен жоғары патриотизмі өз халқына және еліне қызмет етудің үлгісі болып табылатынын көрсету аса маңызды болып табылады.

Қазақстанның екінші дүниежүзілік соғыста жалпы жеңіске жетудегі тарихи рөлі және қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының негізгі шайқастарына қатысуы, еңбек майданының әрекет етуші бөлімдерге көмегі туралы Ш. Уәлиханова атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т. ғ. д., профессор, ҚХА мүшесі З.Кабульдинов дайындаған бірлескен баяндаманы Ш. Уәлиханова атындағы Тарих және этнология институтыдиректорының орынбасары, т. ғ. к. Е. Торайғыров ұсынды.

Дөңгелек үстел барысында К.А. Летникова әскери кезеңде Алматы қаласындағы госпитальдары және әскери жерлеулерге қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы,Фараби университетінің ЮНЕСКО журналистика кафедрасының профессоры, т. ғ. д., Л. С. Ахметова ТМД және Қазақстан мұрағаттарында қазақстандықтардың деректерін іздеу бойынша іздестіру зерттеу жұмысының барысы туралы, ЮНЕКСО-ның Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚР Ұлттық музейлер комитетінің мүшесі Оразымбетова Б. К алғашқыҚР Қорғаныс министрі С. Нұрмағамбетов туралы баяндап, Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің барлық білім беру мекемелерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Біз – бұл Жеңістің мұрагерлері!» атты республикалық жобаны өткізуді ұсынды, Қазақстанның киносыншылар қауымдастығының президенті, өнертану докторы Г.О. Әбікеева Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлардың ерліктері туралы, қазақ халқының және Қазақстан этностарының барлық өкілдерінің батырлығы туралы фильмдер түсіру жайлы, Р. Ф. Самигуллин «Муви» жаңа романы (Алматы қ. соғыстан кейінгі жылдар туралы) туралы сөз сөйледі.

ҚХА этномәдени бірлестіктері дөңгелек үстелге белсенді қатысып, сол соғыста бірге жеңіске жеткен аталары мен арғы аталары туралы әңгімеледі. Соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелерінде ынтымақтастықты ұсына отырып, барлық спикерлерге мазмұнды және танымдық баяндамалары үшін алғыс білдірді.


Кейін қарай