22.03.2024
119
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
Наурыз мейрамы ежелден келе жатқан маңызды мерекелердің бірі. Соған орай, Маңғыстауда 15 ш/а Амфитеатр алаңында Наурыз мерекесін тойлау мақсатында «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті.
Бұл мейрам өңірімізде ерекше тойланатын мейрамдардың бірі. Ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген атаулы мейрамның санатына жатады.
Қазақтар бұл мейрамда ең жақсы киімдерін киіп, туған-туыс, көрші-қолаңмен жиналып, дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырады, ән айтып, би билейді. Сондай-ақ, барлық барша маңғыстаулықтар бас қосып, бірліктің нышаны қара шаңырақ астына жиналып, ортақ тарихымыз бен дәстүрлерімізді жаңғыртуға өз септігін тигізуде. Аталған, Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлер қалыптасқаны белгілі.
Сонымен қатар, «Достық үйі» деген атаумен киіз үй тігіліп, қазақстандықтардың арасында ынтымақтастық пен бірлікті одан әрі нығайту мақсатында қазақ және шығыс халықтарының ұлттық киімдері мен әшекейлерін тағып келді. Аталған киіз үйде арнайы дәм тату ұсынылып, бауырсақ шұбат сынды тағамдар дастарханда кең етек алды. Спорттық шараларда арнайы жоспарланып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Асық ойыны, арқан тартыс сынды ойындар көптеген мейрамға қатысушылардың назарына ілікті. Достық үйінде 500 адамға арналған «Балалар қоржыны» дайындалып, мерекеге қатысушы қала тұрғындары мен қонақтарына таратылды.
Сонымен қатар, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға «Бала дауысы» байқауының гран-при иегері армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Армен Саакян өлеңін шырқады. Онымен қоса, Татар этномәдени бірлестігінің Каспий Дулкыны ансамблі мен Украин этномәдени бірлестігінің мүшесі Смеричка ансамблі ән шырқады. Сондай-ақ, «Достық үйі» киіз үйі жанында жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ұлттық ойындар - арқан тартыс, асық ату, ләңгі ойнаудан жарыстар өтті.
Сонымен қатар, шарада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары ән айтып, би билеп тамаша көңіл күй сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
-
«Бірлігі жарасқан Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2 Мамыр, 19:07
Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді
2 Мамыр, 13:43
Алматы қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда
3 Мамыр, 11:46
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
вчера, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
7 Мамыр, 08:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы