17.03.2024
109
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
Бүгін елімізде Наурызнама тұжырымдамасы аясында- 17 наурыз – Шаңырақ күні аталып өтуде.
Осы айтулы күнге орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 50, 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан мерейлі отбасылармен кездесті.
«Баршаңызды алдағы Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» - деп бекер айтпаған. Адам бойындағы игі қасиеттер шаңырақтан бастау алады. Өңірімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға баса назар аударылуда.Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мыңға жуық көпбалалы аналар бар, оның ішінде 6 558 әйел жандар «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері. Облысымызда арнайы 5 «отбасы орталықтары» жұмыс істеуде. Биылғы жылы тағы 3 ауданда осындай орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз», - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, өңір басшысы Атырау қаласында өткен Үшінші Ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар туралы айтқанына тоқталды.
«Президентіміз Ұлттық құрылтайда атап өткен отаншылдық, бірлік, ынтымақ, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық құндылықтары отбасыдан бастау алады. Сондықтан Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беруіміз керек»,- деді Нариман Төреғалиев.
Іс-шараға сондай-ақ, жуырда отау құрған жас отбасылар да қатысты. Жастар алдында аға буын өкілдері сөз сөйлеп, өмірлік кеңестерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді
-
Алматы қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
30 Сәуір, 13:06
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
1 Мамыр, 10:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
1 Мамыр, 09:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
30 Сәуір, 16:19
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
2 Мамыр, 19:07