Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2023

184

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚХА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУІ

2023 жылғы 8 қарашада ҚХА 32-ші сессиясының тапсырмаларын орындау аясында Астана қ. Цифрлық үкімет кеңсесінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан халқы Ассамблеясының активімен кездесті

Кездесу барысында ҚХА белсенділері оқу-ағарту министріне тікелей сұрақтар қойып, Қазақстандағы оқу-білім мен тәрбие беру жүйесін дамытудың негізгі мәселелері бойынша толыққанды жауап алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстанның барлық этностары арасында сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңызын атап өтті. «Білім беру сапасын арттыру біздің болашағымыз үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқу-білім мен тәрбие беру жүйесі азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда және өз елінің дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуде шешуші рөл атқарады», - деді ол.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу-білім және тәрбие саласындағы қызметтің негізгі бағыттарына тоқтала

отырып, осындай кездесулердің, әсіресе өңірлік деңгейдегі маңызын атап өтті.

Айта кету керек, оқу-ағарту министрлігі этномәдени толеранттылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады және білім беру үрдісіне түрлі бастамалардың сәтті енгізілуін қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ғани Бейсембаев пен ҚХА Хатшылығының жеке бақылауына алынған барлық мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, оқу-ағарту министрлігі қызметінің нақты салалары бойынша осындай кездесулерді тұрақты негізде ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, сондай-ақ жергілікті жерлерде білім басқармаларына білім беру және оқу-ағарту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша ҚХА-ның өңірлік құрылымдарымен кездесулерді жүзеге асыру тапсырылды.


Кейін қарай