Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2021

432

Қостанайда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілету бойынша республикалық лекторий аяқталды

Бүгін, 12 қарашада Қостанай облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Шоғырландыру - одан әрі прогрестің басты факторы» атты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілету жөніндегі республикалық лекторий аяқталды.

Лекторийдің басты мақсаты-барша қазақстандықтардың ортақ мәдени коды, ортақ құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту.


Лекторий аясында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б. Есімованың, ҚХА Кеңесінің мүшелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, өңірлік этномәдени бірлестіктердің және ҚХА қоғамдық құрылымдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.


Кездесуде этномәдени бірлестіктер мен өңір жұртшылығының басшыларына Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтқан этносаралық қатынастар саласындағы жаңа қағидаттары мен концептуалдық тәсілдері, сондай-ақ диаспоралдық саясат саласындағы жұмыс жеткізілді.


Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Федоров ауданының мұғалімдерімен және қандастарымен, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында ҚХА Қоғамдық құрылымдарымен бірқатар кездесулер өткізілді.


Кездесулерде ҚХА және оның қоғамдық құрылымдарының өңір өміріндегі рөлі, қандастардың бейімделуі және шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту, туралы түрлі мәселелер қозғалды.


Өңірдің этномәдени бірлестіктері мен кәсіпорындары халықтық қолданбалы өнер бұйымдарының, этностардың мәдениет, білім, спорт, өнеркәсіп және бизнестің түрлі салаларындағы жетістіктерінің көрмелерін ұйымдастырды.

Кейін қарай