06 Наурыз, 2024
97
Марат Әзілханов «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Жетісу облысы филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласына жұмыс сапарымен барып, «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Жетісу облысы филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты. Аталған конференцияда дүнген орталығы филиалының жаңа төрағасы сайланып, жергілікті этномәдени қоғамдастық үшін маңызды оқиға болды. Бұл этномәдени орталық пен оның жобаларын дамытудың жаңа перспективаларын ашты.
Сондай-ақ, Марат Әзілханов сапар барысында славян және ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Аталған орталықтардың мүшелерімен жаңа жобаларды іске асыру, этномәдени бірлестіктердің қызметін жандандыру мүмкіндіктері, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық және алдағы мерекелерді өткізу жоспарлары талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
-
«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті
-
Президент қалалық сенбілікке қатысты