Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Маусым, 2023

363

ҚХА мен ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Күн тәртібінде қатысушылар ҚХА-ның XXXII сессиясында берілген Ассамблеяның Саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың өзекті мәселелерін қарастырды.

Кездесу барысында ҚХА өкілдері ҚХП Фракциясының мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен таныстырып, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат және жалпы ҚХА-ның негізгі рөлі туралы айтып берді.

Өз кезегінде, ҚХП-ның өкілдері партия бағдарламасын ұсына отырып, өз жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, тараптар өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі, атап айтқанда, қазақстандық қоғамда жалпыұлттық бірлік, қоғамдық келісім және үйлесімді этносаралық қатынастар құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірлескен қоғамдық, мәдени-бұқаралық, шығармашылық, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу жөніндегі алдағы жұмыс жоспарларын айқындады.

Жоғарыда аталған міндеттерді тиімді іске асыру үшін кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі ҚХА мен ҚХП арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу туралы шешім қабылдады.


Кейін қарай