Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Сәуір, 2024

187

Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинауды белсенді түрде жалғастыруда. Күн сайын аймақтарға тонналап жүк жөнелтіліп жатыр. «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында Петропавлға Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы «Адал Көмек» және «Сахий» қайырымдылық қорыларымен бірлесіп, жалпы соммасы 102 млн. теңгеге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, электрогенератор, қайықтар гигиеналық және алғашқы кезде қажетті заттармен қамтылған жүк көлігін жіберді.


Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккен өңірлерге 1189,5 тонна азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттармен көмек көрсетті.



Айта кетсек, ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, жүктерді жеткізіп, құтқарушыларға көмектеседі және су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.



Кейін қарай