19 Наурыз, 2024
113
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
18 наурызда Қарағандыда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.
Ол Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығында және Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасына көмек көрсету орталықтарында болып қайтты.
Сондай-ақ, Шанай Назипа Ыдырысқызы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсембайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өңірдің ҚХА және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті ұйымдастырған «Наурызнама» тұжырымдамасының «Ұлттық киім күні» тақырыбына арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» іс-шараларына қатысты.
Осы іс-шара аясында қазақтың ұлттық киімдерінің сәнді көрсетілімі және қазақтың ұлттық бас киімдерінің көрсетілімімен дефиле өтті. Іс-шара соңында дефиле қатысушыларына Назипа Ыдырысқызы алғыс хаттар табыс етті.
Күннің екінші жартысында Достық үйінде «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, өңірдің қалалары, аудандары мен ауылдық округтері аналар кеңесінің мүшелері, Қарағанды облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты.
Кіріспе сөзбен Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллинұлы сөз сөйледі.
Семинар спикерлері: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жәнеотбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Шанай НазипаЫдырысқызы, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатайжәне ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Альпеисова Камал Әбілқасымқызы болды.
Семинар барысында ҚХА Аналар кеңесінің одан әрі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.
Семинарға қатысушылар Аналар кеңесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді іске асыру жолдары туралы сұрақтар қойып, оларға толықжауаптар мен ұсыныстар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
«Наири» ҚР армян мәдени орталықтары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
-
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
25 Сәуір, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:47