«Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» ЗТБ
1989 жылы Алматыда және басқа да облыс орталықтарында корей қоғамының бастамашыл топтары корей мәдени орталықтарын құруға кірісті.
1990 жылы 17 наурызда Алматыда Қазақстан корейлерінің құрылтай съезі болып, онда «Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. 27 жыл ішінде оның Қазақстанның 17 қаласында филиалдары ашылды.
2017 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» РҚБ ХІІІ съезінде республикалық қоғамдық бірлестікті «Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне қайта құру туралы шешім қабылданды және «Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» ЗТБ құрылтай съезі өтті.
Ресурстық база: 2004 жылы Алматыда корей үйі салынды. Бүгінде бір шаңырақ астында Қазақстан корейлерінің қауымдастығы, «Коре Ильбо» газетінің редакциясы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры бар. Бірлестік жанында Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы жұмыс істейді. Қазақстан корейлерінің қауымдастығы Қазақстанның 17 қаласында жұмыс жасауда.
Жетекшісі: Шин Юрий Германович
Байланыс мәліметтері
050010, Алматы қ., Гоголь к-сі, 2, Корей үйі
телефон/факс: +7 (7272) 93 96 90, 7 (7272) 93 96 56
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы