Қазақстан корейлерінің қауымдастығы
1989 жылы Алматыда және басқа да облыс орталықтарында корей қоғамының бастамашыл топтары корей мәдени орталықтарын құруға кірісті.
1990 жылы 17 наурызда Алматыда Қазақстан корейлерінің құрылтай съезі болып, онда «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. 27 жыл ішінде оның Қазақстанның 17 қаласында филиалдары ашылды.
2017 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» РПА ХІІІ съезінде республикалық қоғамдық бірлестікті «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне қайта құру туралы шешім қабылданды және «Қазақстан корейлері қауымдастығы» ЗТБ құрылтай съезі өтті.
Ресурстық база: 2004 жылы Алматыда корей үйі салынды. Бүгінде бір шаңырақ астында Қазақстан корейлерінің қауымдастығы, «Коре Ильбо» газетінің редакциясы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры бар. Бірлестік жанында Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысы жұмыс істейді. Қазақстан корейлерінің қауымдастығы Қазақстанның 17 қаласында жұмыс жасауда.
Жетекшісі: Огай Сергей Геннадьевич.
Байланыс мәліметтері
050010, Алматы қ., Гоголь к-сі, 2, Корей үйі
телефон/факс: +7 (7272) 93 96 90, 7 (7272) 93 96 56
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті