Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысы

Ғылыми-сарапшылық қызмет

 

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының жұмысы туралы

АҚПАРАТ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми сараптамалық тобы аймақтарда этносаралық қарым-қатынас шеңберінде үрдістерді сараптау, бағалау жұмыстарына сонымен қатар этносаяси, әлеуметтік экономикалық, конфессияаралық дамуына кеңес беру, талдау жұмыстарын жүргізеді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы белсенді жұмыс жүргізуде. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының құрамына ҚХА құқықтық базасы мен әлеуметтік-саяси жағдайын зерттеп, өз қызметін облысымыздың тарихи құндылықтарға толы көпұлтты қоғамды зерттеуге ғалымдар мен көрнекті қоғам қайраткерлері енгізілген. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының басты мақсаты болып:

- ҚР ұлттық саясатының маңыздылығын түсіну және облыс халқына ақпарат тарату;

- Жамбыл облысы аумағында ұлтаралық және конфессияаралық келісімде және жалпы Қазақстандық азаматтық біртектілікті қалыптастыру, Қазақстанның бірлігінің нығайуы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

- этноконфесионалды қарым-қатынастарды, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және зерттеу, ұлтаралық қарым-қатынастарды жетілдіруге ұсыныстар беру.

- «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін жастармен жүйелі және дәйекті жұмыс жүргізу.

Ғылыми сараптама тобы жұмыс істеу барысында ірі іс-шаралар өткізді: «Бірлігі жарасқан Еліміз», «Қазақстан Республикасының индустриалды –экономикалық даму жетістігінің кепілі- ұлтаралық келісім», 20 жыл бейбітшілік пен келісім күзетінде: Қазақстан халқы ассамблеясы – Назарбаевтың саяси инновациясы», «Білімгерлер арасында толерантты қарым-қатынасты құруға құқықтық білім негізінде қалыптастыруға ұмтылу»тақырыптарында ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Жастар арасындағы толерантылықты қалыптастыру мен дамыту мақсатында түрлі шаралар өткізді, олардың қатарында логикалық ойын және психологиялық әдістерді қолдана отырып семинар-тренингтерді атап өтуге болады, бұл тренингтер жастардың алған білімдерін көпұлтты және көп конфессиялық ортада қақтығыстардың болмауына жол бермеу үшін қолдануы тиіс. ҒСТ мүшелері Сарысу, Талас және Шу аудандарында «Көпұлтты қоғамда этносаралық төзімділіктердің ерекшеліктері: мәселелері және келешегі» тақырыбында семинар – тренингтер өткізді. «Студенттік жастар арасында этникалақ толеранттылықты қалыптастыру» «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Қазақстанның табысты дамуының негізгі буыны ретінде этностық және діни төзімділік.», «Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде этностық және діни төзімділік» тақырыптарында дөңгелек үстелдер отырысы өтті. Дөңгелек үстел отырысы негізінен әлеуметтік психологиялық бағыттарды қамтыды, ал тренингтер негізінен саяси философиялық әдісті қамтыды. Ғылыми сараптама тобының көшпелі семинарларында әр топтағы жастардың өкілдерін қатыстыра отырып өмірде кездесетін күрделі мәселелерді шешудің жолдары тақырыбында сабақтар өткізді. Мемлекеттің тұрақтылығын қамтуда, этносаралық келісімді қамтамасыз етуде, өмірде кездесетін әр түрлі дау жанжалдарды бейбіт жолмен шешуде, медиацияның алар орны ерекше екеніне мән берілді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы ғылыми-тәжірибелік конференциялар және семинар-практикум қорытындысы бойынша «Қазақстанда достық және бірлік», «Этносаралық келісім-Қазақстан Республикасының табысты индустриялық- экономикалық дамуының кепілі», «Полиэтникалық қоғамдағы әлеуметтік және мәдени қарым-қатынасты үйлестіру механизмі ретінде этностық және діни төзімділік рөлін айқындаудың жаңа жолдары», «Этно-мәдени құзыреттілік: әдістер мен формалардың жаңа тәсілдері», «Әлемдік өркениетті және саяси қарым-қатынастардың этномәдени үйлесімділігі» жинақтарын шығарды.

Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы ғылыми сараптама тобының интелектуалды-потенциалын тиімді пайдалануда. ҒСТ мүшелері мемлекеттік құрылымдағы ұсыныстар әзірлеуге, этносаралық проблемаларды және оларды шешудің алдын алу үшін тиімді шараларды жасауға, әртүрлі ғылыми тәжірибелер бойынша маңызды сұрақтар жайында дайындықтар жүргізу, ғалымдар, саясаттанушы, тарихшылар арсында пікірталас өткізу сияқты жұмыстарға тартылған.

Ғылыми сараптама тобының мүшелері облыстық Қазақстан халқы ассмблеясының мемлекеттік ұлттық саясатқа түсініктеме берудегі іс-шараларын өткізуде, таптырмас қатысушысы болып келеді.


   Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Ғ.С.Т. мүшелерінің ТІЗІМІ
   Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі