Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы

Ассамблея туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы

Солтүстік Қазақстан облысы құрамы жағынан көп ұлтты болып келеді. Мұнда 98 ұлт өкілі тұрып жатыр (2009 ж. халық санағынан). 2018 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 558 584 адамды құрады.

Жергілікті халық - қазақтардың саны – 193 992 адам, орыстар – 277 807 адам; украиндар – 23 523 адам; немістер – 19 805 адам; поляктар – 11 793 адам; татарлар – 12 182 адам; белорустар – 5 526 адам; азербайджан – 1922 адам, армян – 1548 адам, тәжік – 974 адам, чуваш – 691 адам, шешен – 624 адам, ингуш – 719 адам, башқұрт – 695 адам. Өзге ұлттар – 5127 адам.

1995 жылдың 1 ақпанында облыста Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.

Қызметінің мақсаты – қазақстандық азаматтық бірегейлікті қалыптастыру үдерісінде облыстағы этносаралық келісімді және қазақстандық патриотизм идеясы негізінде бәсекеге қабілетті ұлтты, азаматтық және Қазақстан халқының рухани-мәдени қоғамын қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында 26 этномәдени бірлестік, облыс аудандарында – 175 этнобірлестік жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің саны – 14 адам.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрамына Кеңес кіреді, оның құрамына 36.

Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов болып табылады.

Хатшылық меңгерушісінің лауазымына Салимов Наиль Камильевич ие болды.

Облыстық халық ассамблеясы құрамына келесі құрылымдар жатады:

- Қоғамдық  келісім Кеңесі ;

- аналар Кеңесі;

- ғылыми-сараптамалық топ;

- журналистер клубы;

-  медиация кабинеті;

- ақсақалдар кеңесі;

- жастар қанаты;

- «Ассамблея» бірлескен қоры.

Осыдан басқа Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, мәдениет және білім мекемелерімен, сонымен қатар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетініңі «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасымен орта арнайы және жалпы оқу орындарының, №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенімен тығыз ынтамақтастық жүргізіеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету мақсатыда 2014 жылдың шілде айында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Ұйымның қызметі этномәдени орталықтар арасындағы байланысты нығайтуға, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-әдістемелік, эксперттік-зерттеу базасын құруға және дамытуға, Қазақстан халқын біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуге қазақстандық этностардың тілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға, жастар арасында толеранттылық пен Қазақстанда тұрып жатқан барша этностардың мәдени дәстүріне, тіліне және құндылықтарына құрметтеуге бағытталған.

 «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Есқожа Әсемгүл Найманқызы болып табылады.

Контакты:

8 7152-50-23-63, 36-54-54.

87152-50-47-50, 50-45-79, 50-01-45.


   Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ЕРЕЖЕ
   Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының кадрлық құрамы
   Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ережесі
   «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ЖАРҒЫСЫ
   «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ кадрлық құрамы
   Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы өзара әрекеттесу үлгісі
   Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы туралы ақпарат
   М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қызметі туралы ақпарат