Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласының Ассамблеясы туралы

Ассамблеяның дерегі бойынша бүгінгі таңда елордамызда 24 этномәдени бірлестік қызмет жасайды. Ал 2014 жылдың басында ұсынылған арнайы ресми дерекке сәйкес Астана қаласында 814435 адам тұрады. Осының ішінде қазақтардың үлес салмағы 605051 (74,3%), орыстар -132103 (16,2%), украиндар -13736 (1,7%), татарлар -10425 (1,3%), немістер - 8406 (1,0%), корейлер - 5533 (0,7%), белорустар -3913 (0,5%) және басқалардың үлес салмағы - 9442 (1,2%) адамды құрайды.

Қалалық Ассамблея жанында Қоғамдық келісім кеңесі, Ғылыми-сарапшылық тобы және Аналар кеңесі жұмыс жасайды. Жалпы қалалық Ассамблеяның негізгі қызметі - этномәдени бірлестіктер ұйымдары жұмысын үйлестіруге және нығайтуға, әрбір ұлттың мәдениетінің ерекшелігін, тілін сақтауға, сондай-ақ әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді, жексенбілік мектептер жұмысын дамытуға бағытталған. Бұл ретте Астана қаласындағы этникааралық келісімді нығайтуға, азаматтық біртектілік пен толеранттылық түсінікті қалыптастыруға қатысты негізделген ақпараттық-насихаттық жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында арнайы іс-шара жоспары әзірленді және ол жұмыс іске асырылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы мен ұлттық бірлік Доктринасын іске асыруға байланысты сәтті жұмыстар жүргізілуде.

Жексенбілік мектептердің мақсатты жұмыстарының қатарына жататын ана тілді және тарих пен мәдениетті оқыту ісі оңтайландырылған. Мәселен, бұл іс 2014/2015 оқу жылы аралығында түрлі ұлттың 375 баласы оқитын 11 жексенбілік мектепте іске асырылды. Бейбітшлік және келісім сарайына орналастырылған 8 этномәдени орталығының тиімді қызмет атқаруы үшін олардың жылдық үй-жайға төлейтін ақысын төмендетуге көмек көрсетілді. Сондай-ақ «Руханият» ЖШС-іне қарасты 9 оқу тобында этномәдени бірлестіктер басшылары мен оның мүшелері мелекеттік тілді оқуда. Оның жалпы саны 90 адамды құрайды. Ассамблея өз қызметінде жастар мәселесіне қатысты жұмысты да жандандыруға айқын басымдық берген. Соның бірі - Ассамаблея жанынан құрылған жастар қанатын мақтаныш етуге болады. Олар семинарларға, акцияларға және жалпы түрлі іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Қазіргі кезде этномәдени орталықтар жанынан 10 жастар ұйымы құрылған. Бұған қоса қалалық Ассамблея қызметін қамтамасыз ету мақсатымен жаңадан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі құрылды.

 

   Астана қаласы Қазақстан Ассамблеясының хатшылығы туралы ереже
   Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
   Астана қаласы әкімдігінің жаныдағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы