Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласы

Достық үйі

2014 жылдың 19 қарашасында сағат 11:00 де Алматы қаласы, Құрманғазы 40 көшесі, Достық Үйінің Мәжіліс Залында Алматы қаласының этномәдени бірлестіктер өкілдерінің Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылары болып Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ. Дөңгелек үстелдің өткізу мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау болды.

Алғашқы сөзімен іс-шараның модераторы Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының жетекшісі Абдалиева Маргарита Абубакировна сөз бастады. Кейін талқылау барысында: ҚХА төрағасының орынбасары Смирнов Александр Борисович, Алматы қаласының ҚХА ҒЭТ мүшесі, ф.ғ.д. БҒМ Философия Политология Институтының Философия бөлімінің Сағиқызы Аяжан, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Кобеева Алтынай Орманкалиевна, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Бірлік» Кіші Ассамблеясының төрағасы Ризаев Рафаэль, Алматы қаласының ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ниязова Нурия Исмагиловна, Алматы қаласының маслихат депутаты, «Ынтымақ» депутаттық тобының мүшесі Оспанов Болат Мусагажинович, Қазақстан Республикасының Армян мәдени орталықтарының Ассоцияциясының төрағасы Карапетян Артуш Месропович, «Ирныхас» қалалық осетин мәдени-ағартушы орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласының ҚХА ҒЭТ Ғылыми кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Кан Георгий Васильевич, түрік ұлттық орталығының төрағасының орынбасары Касимов Казахбай Таштемирович.

Дөңгелек үстелге қатысты: Алматы қаласының маслихат депутаттары, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Алматы қаласының ҚХА Секретарияты,Алматы қаласының ҚХА мүшелері, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптама тобының мүшелері, Алматы қаласы ҚХА тілшілер клубы, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі,«Жарасым» РЖҰ, Мемлекеттік емес ұйымдар, БАҚ.

Главный специалист — ТАЖМУРАТОВ Шоқан Ерболатович

Тел.: 8 777 072 22 25, 8 (727-2) 50-03-49

E-mail: kogamdyk.almaty@mail.ru, ank_almaty@mail.ru