Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облысы

Достық үйі

Елбасы Көкшетау қаласының жаңа Достық үйінде
Ақмола облысына ресми жұмыс сапарымен келген Елбасы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, оның ішінде өңірлік Достық үйінде болды.
Нұрсұлтан Әбішұлы «Қоғамдық келісім» КММ ашылуына қатысты. Оның ашылуын облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер тағатсыздана күтті.
Өңірде 105 ұлт өкілі тұрады, 45 этномәдени бірлестіктер құрылды, олардың 20-сы Достық үйінде тұрақты түрде жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Елбасымыз өз есігін ағымдағы жылдың тамыз айында ашқан Достық үйін аралау барысында оның негізгі сипаттамаларымен танысып өтті. Сондай-ақ, Н. Назарбаев облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен кездесу өткізді.
Елбасы еліміздегі мәдениеттің дамуына назар аудара отырып, этносаралық тұрақтылық пен конфессияаралық қатынастарды бекітуде ҚХА рөлі маңызды екендігін атап өтті.
Бұдан басқа, Елбасымыз өскелең ұрпақ өкілдеріне өңірлердегі Достық Үйлерін аралату маңыздылығын атап өтті, себебі мұнда олар көрнекілік түрінде бірлік пен келісімнің қазақстандық моделімен танысып, біздің қоғам үшін маңызды бұл құндылықтардан үлгі алу мүмкіндігін алады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ауызбіршіліктің арқасында ел ішінде де, халықаралық майданда да елеулі табыстарға жеткендігін атап өтті.
Достық үйінде көрме залы, даярлық, хореография және конференция залы, өңірлік этномәдени бірлестіктердің бөлімдері, ана тілдерін оқыту сыныптары және т.б. бөлімдер орналасқан. Ғимараттың жалпы көлемі 4 мың шаршы метрден жоғары.
Достық Үйін эксплуатацияға енгізу өңірлік мәдени-демалу қызметінің деңгейін арттырып, ойын-сауық шараларын өткізуге, тұрғындардың көпшілік іс-шараларға және концерттерді тамашалауға қатысу пайыздарын арттыруға қажетті жағдай жасайды деп жоспарлануда. Тәрбиеленушілерге хореография, музыка, әртістік шеберлік, ана тілі бойынша кәсіби білім ала алатын оқу курстарын ұйымдастыру жоспарлануда.

«Достық үйі» туралы ақпарат

Ақмола облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша Ақмола облысында 733мың астам адам тұрып жатыр. Оның ішіндегі тұрғындардың көпшілігін қазақтар (47,8%), орыстар (35,5%), украин ұлты (5,1%), немістер (3,6%), татарлар (1,8%),беларус ұлты (1,6%), поляктар (1,1%) құрайды. Өзге ұлт өкілдерінің саны 0,1 % бен 0,6 % аралығын көрсетеді.

Бүгінгі күнгі санақ бойынша облыс бойынша 44 этномәдени бірлестік тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. Олардың шығармалық, мәдени бұқаралық жұмыстарымен айналысу мақсатында Ақмола облысы әкімінің 01.06.2009 жылғы № А-6/241 Қаулысына сәйкес бұрынғы «Юность» кинотеатрының ғимараты «Достық үйі» болып құрылған болатын. Алайда 2014 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласының орталық көшесінде «Достық үйінің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді ,және де ол бүгінде жемісте еңбек етуде. «Достық үйінің» қабырғасында 36 адам жұмыс істеп жатыр.

«Достық үйі» жұмысының негізігі мақсаты мен міндеті ол: қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық достықты орнату, және өзге ұлт өкілдерінің мәдени – бұқаралық, шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік жасау болып табылады. Этномәдени бірлестік өкілдерінің республикалық, облыстық және қала бойынша өтіп жатқан барлық іс-шаралардан қалыс қалмай, өнер көрсету.

Бүгінгі таңда «Достық үйінің» қабырғасында «Ақ әжелер», «Ғалиябану» фольклорлық ансамблдерімен бірге би үйірмелері, вокал сабағы, қолданбалы өнер үйірмелері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар «Достық үйінде» «Мұсылман әйелдері лигасы», Аналар Кеңесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестіктері, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі және өзге ұлт өкілдерінің этномәдени бірлестіктері орналасқан. Кітапхана, ән жазу студиясы, би студиясы жұмыс жасайды. Мәдени – бұқаралық бөлімі, ғылыми-сараптамалық орталық, методистер бөлімі және баспасөз орталығы «Достық үйі» мен Қахақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұымысын ұйымдастырып, қызмет етуді.

Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ

И.о. руководителя КГУ «Қоғамдық келісім» при аппарате акима Акмолинской области — ЖУМАЕНОВА Куним Абсадыковна

Тел.: 8 (7162) 72-28-78, 72-14-50, 72-20-81
Тел.: 8 705 5171222

E-mail: dom_druzhby@bk.ru