Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Бiрлiк» әлеуметтік волонтерлік жобасы

Мақсаты: волонтерлердің нақты әлеуметтік міндеттерді шешуге, халықтың қорғалмаған топтарына көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыруы.

Міндеттері:

·   татулық пен келісімнің қазақстандық үлгісінің идеяларын тарату бойынша жұмыс жүргізу.

·   ҚХА волонтерлерінің әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы;

·   халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету;

·  қайырымдылық және меценаттық институтын дамыту;

• Қазақстан халқының табиғи тарихи мұрасын сақтау бойынша тарихи-экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру.

Сипаттамасы: бүгінгі күні әлеуметтік волонтерлік кеңінен тараған болып табылады. Бұл ретте осы жұмысты жүргізудің өзектілігі мен қажеттілігі сақталады. ҚХА волонтерлік қозғалысы халықтың, әсіресе азаматтардың қорғалмаған топтарының нақты әлеуметтік міндеттерін шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуі тиіс.

Волонтерлер жұмысының негізгі бағыты мұқтаждарға көмек көрсету бойынша қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Жобаларды іске асыру кезінде ұйымдастыру сәттерін жүйелі және сапалы пысықтау қажет.

Екінші бағыт бойынша Қазақстан халқының табиғи және тарихи мұрасын сақтау жөніндегі тарихи-экологиялық іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыс болады. ҚХА волонтерлері сәулет ескерткіштерін сақтауға, көрікті нысандарды абаттандыруға т.б. өз үлестерін қосулары тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлік қозғалысы орталықтарының Достық үйлері базасындағы жұмысы нәтижесінде:

- Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі негізінде волонтерлік қозғалысты дамыту;

- «осында және қазір болу» - ҚХА құрылымы арқылы әлеуметтік мәселелерді уақытында шешу;

- ҚХА әлеуметтік волонтерлерінің бірыңғай желісін құру;

- халықты белсенді қоғамдық өмірге тарту;

- өскелең ұрпақты өз уақытын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық, өзара көмек және қоғамдағы қайырымдылық сезімдерін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

 __________________________

Үйлестіруші – Тимур Джумурбаев (+7 7770516694), ҚХА «Жарасым» жастар ұйымының жетекшісі, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.