Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қазан, 2020

595

Жансейіт Түймебаев Түркияның Республика күніне орай өткізілген шараға қатысты

2020 жылдың 29 қазан күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының қолдауымен Түркияның Республика күніне орай «Байрағы биік байтақ ел» атты шара өтті.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екижи, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, дипломатиялық миссия өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауымөкілдері мен БАҚ жетекшілері, сонымен қатар Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының тәлімгерлері қатысты.


Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығая беруіне тілек білдірді.

Басқосуда барысында Академия әзірлеген Ататүрік туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Түркия Елшісі Уфук Екижи сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұдан кейін Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының тәлімгерлері Мұхаммедияр Анкабаев пен Бақдаулет Ташманов келген қонақтарға арнайы түрік тілінде өлең оқыды. Басқосу соңында аталған оқушыларға шараға белсенді атсалысқаны үшін Академияның арнай сертификаттары табысталды.

http://twesco.org/


Кейін қарай