Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қазан, 2020

1780

Жамбыл облысындағы орта мектепте медиация кабинеті ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің Н. Ақшабаев атындағы орта мектебінде медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды.


Мектеп медиация кабинеті ашылғаннан кейін Медиация кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бұдан соң дөңгелек үстел отырысы өтті, оның барысында ауданда мектеп медиациясын одан әрі дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Сөз сөйлеген қатысушылар аудандағы медиацияның даму жағдайын талқылады. Аудандық сот төрағасы Ерғазы Тілеубеков өз сөзінде медиация қағидаттарына тоқталып:

- Медиация – бұл аралық сот емес. Басты айырмашылығы-медиатор ешқандай жағдайда өзін пікірталастардан жоғары санамайды, оларға өз пікірін жүктемейді, ешқандай шешімге итермелемейді. Медиатор қарама-қайшылықты тараптарды белгілі бір шекараларда ұстайды, бұл олардың бір-бірін қорлауына, жеке тұлғаларға ауысуына, даулы мәселені талқылаудан бас тартуына немесе қатысушылардың біреуінің мүдделеріне нұқсан келуіне жол бермейді, - деп атап өтті.


Өз сөзінде Ғайни Көшекбаева да мектеп медиациясын ұйымдастыру қажеттілігіне баса назар аударып, мектеп социумы, оның ішінде: мектеп, отбасы және қоғам, ата-аналар, балалар, педколлектив екенін атап өтті.. мінезі, темпераменті, жасы, тәрбиесі, әлеуметтік жағдайы жағынан өте ерекшеленетін олардың әрқайсысының өзіндік дүниетанымы бар, оған сәйкес әрекет етілу керек екенін және барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, табандылықпен қорғауға дайын болуды айшықтап көрсетті.

Аудандық билер кеңесінің төрағасы Мейірбек Болатбеков қатысушыларға ауданның ауылдық округтерінде билер кеңесінің басшылары медиаторлармен бірлесіп тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісетінін, ал медиатор, «Қызыл Жұлдыз» ауылының билер кеңесінің төрағасы Анарбек Еркінбаев Мектеп медиациясы кеңесінің төрағасы болып сайланғанын, оған мектеп психологы Райхан Әбиева, Ақшабаев атындағы мектептің тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі меңгерушілері, ата-аналар комитетінің мүшелері, «Жас Ұлан», «Жас Отан» ұйымдарының белсенділері және т. б. кіретінін айтты. Ортақ күш-жігермен ғана «мектеп, отбасы және қоғам -болашақтың игілігі үшін екенін қайталап түсіндірді.

Дөңгелек үстел отырысында осы мектепте ғана емес, ауданның басқа мектептерінде де одан әрі бірлескен жұмыс мәселелерін қарастыру талқыланды.

Кейін қарай