Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2020

830

Жамбыл облысында «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы жүзеге асты

«Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы аясында Жамбыл облысының тиісті сала мамандары аудан тұрғындарымен кездесті. Жоба аймақ тұрғындарының мәселелеріне нақты шешім табуға бағытталған.

Облыс аудандарында халықты толғандыратын мәселелерді анықтауға, өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 49 іс-шара, әлеуметтік сауалнама өткізілді. Нәтижесінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберілді.

Жоба аясында Шу, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандарының ауылды аймақтарында жастармен кездесу және «Proдвигай себя» тақырыбында тимбилдингтер ұйымдастырылды.


Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздық, спорт және мәдени кешендердің жоқтығы, интернет күшінің төмендігі, азық-түлік бағасының жоғарылығы және этникалық белгісі бойынша қысым көрсету сынды мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, аудандардағы қоғамдық келісім кеңестерінің кеңейтілген отырыстары өтті. Аудандағы ауыл жастарының құқықтық сауатын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге тарту, діни ұйымдар жұмысы қадағалау, білім алуға этнос балаларының толық қамтылуы, этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруі сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.

Кейін қарай