Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2020

1529

Ж. Түймебаев: Бүгінгі айтылатын ойлар қазіргі заманның нақты саясат саласындағы бейнесіне айналады

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» бағдарламасының аясында ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе отырып, «Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштер және тарих» атты тақырыпта білім мәдениетін қолдау бойынша I Халықаралық Алматы конференциясын өткізді.

d26b142f-ff1e-466a-9dc5-55665b6a8bcd.jpg

Тіл білімінде бар тұжырымдамалық негіздерді, эмпирикалық материалды және лингвистикалық гипотезаларды пайымдау және осы саладағы жетекші мамандарды диалогқа шақыру, заманауи зерттеушілер үшін мәдениеттерді жақындастыруға ықпал ете отырып, «білім этимологиясы» бола алатын және HomoSapiens – ойлы адамның тарихын қайта құруға мүмкіндік беретін «сөз археологиясын» әзірлеуді мақсат еткен аталған конференцияға ЮНЕСКО қамқорлығындағы халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдер Халықаралық қауымдастықтың президенті Владимир Толстой, ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық диалог секторының басшысы Анн Белинда Прайс, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының жетекшісі Арина Мясоед және тағы басқа ғалымдар қатысып, баяндама жасады.

WhatsApp Image 2020-09-10 at 14.54.32.jpeg

Өз кезегінде сөз алған Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан конференцияның ашылуымен құттықтады.

- Құрметті Олжас Омарұлы! Құрметті конференцияға қатысушылар! Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Сіздерді ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштері және тарих» атты білім мәдениетін қолдау мақсатында өтетін, тақырыбы мен ғылыми-мәдени маңызы жағынан бірегей конференцияныңашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл конференция елдің зияткерлік өміріндегі маңызды оқиға болатынына сенімдімін. Конференцияның тақырыбы мен форматы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына толық сәйкес келеді. Тілтанушы ғалым ретінде және этносаралық қатынастармен кәсіби айналысатын адам ретінде мен үшін конференция тақырыбы нақты саясат тұрғысынан маңызды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, сондай-ақ, мемлекетімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекен етіп отырғанын айта келе, тіл мәселесінің өзектілігіне де жеке тоқталып өтті.

- Түрлі этностардың, тілдер мен мәдениеттердің мызғымас достығы салтанат құрған Қазақстан елі үшін бұл мәселенің практикалық қолданбалы мәні бар.

Біріншіден, кез келген мемлекеттің тіл саясаты – қоғамның барлық құрылымдарының, деңгейлері мен субъектілерінің арасындағы коммуникация саясаты болып саналады.

Бұл бірегейлік, азаматтық және этностық саясатпен тығыз байланысты. Кез келген ұлттың бірігуіне негіз болатын қоғамдық құндылықтар мен мәдениетті қалыптастыру саясатымен байланыста. Сондықтан да, тіл эволюциясы процестері қоғам эволюциясының процестерін бейнелейді және соларға негізделген.

Екіншіден, тіл саясатына қатысты қоғамдық парадигманы ауыстыру – үш тілде оқытуды енгізу және мемлекеттік қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру нақты ғылыми көзқарасты талап етеді.

Күрделі қоғамдық жүйелерде тілдердің қызмет ету заңдарын білу қажет.

Қоғамның технологиялық, ғылыми, әлеуметтік мәдениетін арттырудың және оның тілдік жүйесін дамытудың өзара байланысын ұғыну талап етіледі.

Үшіншіден, қазақ мәдениетінің өзін, дәстүрлі білімнің ауқымды қабатын сақтау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу жаңа мағыналы тәсілдер мен аксиологиялық парадигмаларды талап етеді, - деді Жансейіт Түймебаев.

bde07513-f862-428c-a2ae-58d7de947de3 (1).jpg

Сонымен бірге Жансейіт Қансейітұлы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нығайтудағы жасалып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

- Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясы бірнеше жылдан беріҚазақ тілінің ұлттық корпусын құру жобасын ілгерілетіп және қолдап келеді.

Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің көпшілігінде өз тілдерінің ұлттық корпустары бар. Жалпыға бірдей танылған үлгі – ағылшын тілі. Қазақ тілінің ұлттық корпусы – жаһандық гипермәтін,жаңа формациядағы бірегей лексикографиялық еңбек болып табылады. Бұл дегеніміз – қазақ тілінің 300 миллионнан астам сөзін қамтитын терең түсіндірмелі ашық компьютерлік жүйе.

Бұл жоба «Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштері және тарих» тақырыбымен тікелей байланысты. Оған қоса лингвист зерттеушілер үшін ауқымды деректердің қайнар көзі болып табылады.

Сонымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нығайту мен дамыту терең ғылыми теориялық-әдістемелік базада өтуге тиіс. Осы тұрғыда бүгінгі конференцияда айтылатын идеялар мен ойлар қазіргі заманның нақты саясат саласындағы бейнесіне айналады, - деді.

Сөз соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай өткізіліп отырған конференцияға өз бағасын беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Жоғары деңгейдегі конференция өткізу Ұлы Абай Құнанбайұлына, оның ұлттық және әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесінекөрсетілген лайықты құрмет екенін атап өту қажет.

Мен конференцияның ұйымдастырушыларына – Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына, сондай-ақ, жоғары мәртебелі қонақтарға, қатысушы ғалымдарға, Олжас Омарұлына біздің бірлескен жұмысымызға қатысқаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет! – деп, Жансейіт Түймебаев өз сөзін қорытындылады.

70e13ac0-0255-4791-a699-aeb037199f37.jpg

Бұл конференцияның «Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштері және тарих» аталған тақырыбы ұлттық және халықаралық контекст үшін өзекті болып саналады. Бүгінгі күнге дейін тіл мәдениетті анықтаудың негізгі өлшемдерінің бірі болғаны айқын, сонымен қатар, осылай болып қала бермек. Тілдің әлемде өзінің өмір сүру кеңістігі, сондай-ақ, басқа мәдениеттермен байланыс тәсілі бар. Тілдердің шығу тарихы, эволюциясы және өзара әрекеттесуі көбіне саясиландырылып келеді. Сол себептен, 1866 жылы Париж лингвистикалық қоғамы тілдің пайда болуы туралы пікірталасты тоқтата тұруға мәжбүр болған еді. Өйткені әдіснаманың жетілмеуі және дәлелді мәліметтердің жеткіліксіздігі салдарынан гипотезалардың ешқайсысы сенімді түрде дәлелденбеді.

Байырғы үнді-еуропалық зерттеулерге қатысты қолданыстағы этимологиялық сөздіктер, яғни бореалистика, сөздердің ностратикалық түп тұлғалары, орал-алтайтану және байырғы картвелистика, ежелгі палеоазиатиканың жеке зондаждары, бір буынды – байырғы-қытай, байырғы-тай және тағы да өзге және көп буынды – тибет-бирмалық архаика артефактілердің тондық қатар нәтижесі мен жиынтығы адам глоттогенезінің жалпы көрінісін нақтылай алмады. Сонымен қатар адамның тілдік-таңбалық мәдениеті дамуының ежелгі кезеңдерін кешенді зерттеудің бірыңғай әдістемесін әзірлемей, HomoSapiens рухани әлемін түсінуге жақындау, нақты көші-қон бағыттарын қайта жаңғырту және оның топтарының ғаламшар ішінде орын ауыстыруының шынайы мақсаттары мен себептерін анықтау, байырғы түсініктер мен бейнелердің ежелгі адамның қоршаған әлемімен, еңбек құралдарын дайындау түрлері және тарихымен, символдар және мәдениеттермен, әлеуметтік құрылымдармен, кеңістік пен уақыт туралы түсініктермен байланыс орнату мүмкін еместігі белгілі. Осы орайда лингвистердің пікірінше, білім тарихы, HomoSapiens түрінің биологиялық қолтаңбасы болып табылатын тілде жинақталған.

214a6a2b-b1b9-4b78-b1a6-03e9ab234bba.jpg

ЮНЕСКО-ның «Білім қоғамдарына» бағдарламалық баяндамасында сарапшылар: «Білім берудің мазмұнды аспектісін тілдер мен білімнен ажыратуға болмайды. Сондай-ақ, білім қоғамында жергілікті немесе автохтондық білім алатын орын жайлы ойлану қажет, олардың даму үлгісінде ғылыми білімді кодтау формаларына үлкен мән беріледі. Бұдан былай мәдени және лингвистикалық әртүрліліктің маңыздылығы білімге қол жетімділік мәселесінің оларды құру шарттарынан ажырамайтындығын көрсетеді» деген. Бұл орайда халықаралық қауымдастық түрлі аймақтардағы зорлық-зомбылықтың өршуі «өркениеттер қақтығысы» туралы пайдакүнемдіктің туындауына, әлемдегі бір-біріне қарсы тұратын мәдениетке, идеологияға және діни көзқарасқа бөлінген жағдайларға алаңдаушылық білдіруде. Жанжалдарды еңсеру тек білім мәдениетіне негізделген ғаламшарлық сананы қалыптастыру арқылы ғана мүмкін болмақ. Бүгін өтілген шараның да негізгі ой-пікірі осы мәселелер төңірегінде өрбіді.
Осылайша Қазақстанның, Орталық Азия, Батыс Еуропа, АҚШ және Ресейдің белгілі ғалымдары қатысқан білім мәдениетін қолдау бойынша I Халықаралық конференция аясында үш түрлі секцияның жұмыс сөз етілді. Атап айтсақ, ең алдымен, тілдердің пайда болу тарихы, глоттогенез мәселелері, оның себептері, жергілікті ерекшеліктері, дәлел базасы, шумерологияның эмпирикалық мүмкіндіктері, этрускология, аккадология, сако-скифология, авестология, хеттология, гуннология және ежелгі жазудың нақты жүйелерін зерттеудің басқа салалары, сондай-ақ мәдениеттер жақындастығының материалдық дәлелі болып табылатын көне, орта ғасырлар және қазіргі заманғы жазба ескерткіштері зерттелді. Екіншіден, сөз коды: таңбалық жүйелер, жазудағы таңбалар, салт-дәстүрлердегі, сюжеттердегі және ертедегі адамзаттың діни артефактілеріндегі символдар, ауызша және жазбаша дәстүрлер диалогы, сондай-ақ «сөз археологиясының» жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, ғылыми кадрлар даярлау мәселелері туралы айтылды. Үшіншіден, тіл және ойлау, оның негізінде әлемнің лингвистикалық бейнесін зерттеу аспектілері, планетарлық сананы қалыптастырудағы сөйлеу мәтіндері мен социолектілердің орны және «сөз археологиясының» жаңа тәсілдерін ескере отырып, архетиптерді модельдік талдауды жүзеге асыратын прото және тілдік ортақтықтарды қайта құратын этимологиялық зерттеулер талқыланды. Бұған қоса, аталған шара барысында баяндамалармен қатар, құттықтау сөздерге кезек беріліп, тіл мәдениеті тақырыбына сай көрме өткізілді.

Кейін қарай