Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қаңтар, 2020

1791

Қызылордада ҚХА балаларға Жаңа жылдық мереке сыйлады

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті.


Балғын балалар Аяз ата мен Ақшақарды бірлесіп шақырып, жасыл шыршаны айналды. «Жасмин» би тобының өнерін тамашалап, өздері де би сайыстарына, күш және жылдамдықты талап ететін ойындарға, бір аяқпен секіру эстафетасына қатысты.


Ертеңгілікте мандарин ойыны өте қызықты әрі тартымды өтті, дейді ұйымдастырушылар. Ойын шарты бойынша, әуен ойнап тұрғанда ойыншылар мандаринды бір-біріне беріп үлгеру керек. Әуен тоқтаған бойда мандаринды қолына ұстап қалған балақай өз өнерін ортаға салуға міндетті. Жаңа жылға арнап тақпақ айтқан балдырғандар Аяз ата мен Ақшақардан ойыншықтар алды.


Ертеңгілік жаңа жылдық кешке ұласып, соңында барлық балаларға тәттілер таратылды.


Кейін қарай